Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Чехия арасында визасыз режим орнатылады

Қазақстан мен Чехия арасында визасыз режим орнатылады

Сенат комитеті конституциялық заңға сәйкес, "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Чехия Республикасы Үкіметі арасындағы заңсыз келген тұлғаларды реадмиссиялау жөніндегі келісімді бекіту туралы" заң жобасын қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған келісімге 2011 жылдың 23 ақпанында Прага қаласында қол қойылған болатын.

Құжат елдің шекарасына заңсыз шыққан немесе визасы болмаса рұқсат қағазы шыққан мерзімінен өтіп кеткен тұлғаларды анықтап, қайтаруға бағытталған. «Аталған заңның күшіне енуі екі ел арасында жүрген азаматтар үшін визасыз режим орнатуға мүмкіндік береді", - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко.

Аталған редмиссия туралы келісім алда болатын «ЭКСПО-2017» көрмесінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көмектеседі. Себебі аталған құжат арқылы көрме кезінде немесе басқада мемлекеттік ірі іс шаралар кезінде шетелден келетін азаматтардың арасында заңсыз мигрантардың болмауын алдын алады.

Фото: kursiv.kz

Похожие материалы