Ұлттық банктің орталық аппараты Астанаға көшпейтін болды. Бұл туралы Н.Назарбаев арнайы жарлық шығарды, деп хабарлайды Ақордадан.
"ҚР Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың 25 желтоқсанындағы "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру және ҚР Ұлттық банкін Астанаға көшіру туралы 2015 жылдың 19 мамырындағы Президенттің №24 жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" №144 жарлығына сәйкес, Ұлттық банк Астана қаласына көшірілмейді", - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
2015 жылдың 25 желтоқсанындағы өзгерістер бойынша, жарлықтан ҚР Ұлттық банктің орталық аппаратын 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Алматыдан Астанаға кезеңмен көшіру, ҰБ-ның резервтік мәліметтер базасын құру және "Қазақстанның қор биржасы" АҚ-ның Астанаға көшуі үшін жағдай жасау туралы тармақтары алынып тасталған.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық банктің экс төрағасы Қайрат Келімбетов ҰБ орталық аппаратын Астанаға көшіру қаржылық қиындықтарға байланысты кейінге шегерілуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Фото: khabar.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024