Экономика
Облыстық маслихатқа кандидаттардың үгіт-насихат шарасы үшін 245 мың теңге бөлінеді
2016 жылғы 1 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті. Бұл туралы ОСК-ның ресми сайтында хабарланды.
ОСК қабылдаған қаулы бойынша заңнамаға сәйкес, облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа бюджеттен үгіт іс-шаралары мен көліктік шығыстарға 245 мың теңге, ал қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидатқа 153 мың теңге бөлінеді.
Сондай-ақ, сайлау туралы заңның 19-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне және 8-тармағына сәйкес ОСК сайлау заңнамасы белгілеген тәртіппен сайланғанға дейін шығып қалғандардың орнына Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының мүшесі етіп А.Я. Шеферді, Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп В.С. Пакты тағайындады.
Фото: khabar.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024