2016 жылы республикалық бюджеттен бала тууына байланысты және оның бiр жасқа толғанға дейiнгі күтіміне төленетін жәрдемақыларға 68,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2016 жылы республикалық бюджеттен бала тууына байланысты берілетін бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақыға 30,9 млрд теңге, бала күтімі жөнiндегi, ол бiр жасқа толғанға дейiн төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға 37,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 66 621 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 111 035 теңге төленеді. Бірінші баланың туылуына байланысты төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 12 217 теңгені, екінші балаға – 14 445 теңгені, үшінші балаға – 16 650 теңгені, төрт және одан да көп балаларға берілетін қаржы көлемі 18 877 теңгені құрап отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы жоғарыда аталған жәрдемақыларды төлеу мақсатында республикалық бюджеттен 56 млрд. теңге бөлінген болатын. Фото: kstnews.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024