Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Yahoo қызметкерлерінің 15% мен бірнеше құрылымын қысқартуы мүмкін

Yahoo қызметкерлерінің  15% мен бірнеше құрылымын қысқартуы мүмкін

Америкалық Yahoo Inc. интернет компаниясының басшысы Марисса Майер жақын арада қайта құрылымдаудың жаңа жоспарын таныстырып, бірнеше құрылымы мен жұмыскерлердің 15%-ын қысқартуы туралы мәлімдеме жасауы мүмкін, деп жазады The Wall Street Journal.

Мұндай мәлімдеме компанияның 2015 жылдың 4 тоқсанындағы нәтижелеріне есеп беруіне байланысты болатын баспасөз конференциясында жарияланады деген жоспар бар. Іс-шара сейсенбі күні америка нарығы жабылған соң болады.

Уолл-Стрит экономистерінің болжауынша, компанияның  2015 жылы команияның EBITDA сараптамалық көрсеткіші 900 млн долларды құрап, соңғы 6 жылда алғаш рет 1 млрд долларға төмендеген.

Yahoo инвесторлары көбіне компания жетекшілігінің саясаты мен басшысы М.Майердің жұмысына көңілі толмайтындарын айтды. Олардың сөзінше, М. Мейер басқарған 3,5 жылдың ішінде компанияның кірістерінен гөрі шығыны артқан.

Осыдан соң инвестициялық компаниялар компания топ-менеджерлерін ауыстыру керек немесе Yahoo-ның басты интернет бизнесін сату керек дегенді айтады. Сондай-ақ, компанияны түгел сату немесе 32 млрд долларға бағаланатын жарты үлесін Alibaba Group Holding тәуелсіз компаниясына сату керек деген ұсыныс білдірген.

Yahoo-ны сатып алуға әзірге Verizon Communications телекоммуникациялық компаниясы қызығушылық танытып отыр. Корпорация Yahoo-ның медиялық және жарнамалық активтерін AOL-мен біріктіруі мүмкін.

Фото: retail-loyalty.org

Похожие материалы