"Мобильдік құлдық" шегерілген соң 22 мыңға жуық қазақстандық операторларын ауыстырды
Mobile Number Portability (MNP) жүйесі енгізілгеннен кейін 22 мың қазақстандық өз нөмірлерін басқа операторға ауыстырған, деп хабарлайды Tele2 компаниясының баспасөз қызметі.
Ақпараттандыру және байланыс комитетінің мәліметі бойынша, клиенттердің көпшілігі Altel және Tele2 операторына ауысқан. MNP аясында Altel абоненттерінің саны 7 674 адамға, Tele2-кі 2 884 адамға өскен.
Ал ең ірі операторлар 2016 жылы, керісінше өз клиенттерінен айырылған. Мысалы KCell-дың 10 114 абоненті оператор қызметін пайдалануды тоқтатқан. Beeline-нан кеткен абонент саны - 515 адам.
Баспасөз қызметінен хабарланғандай, клиенттердің басқа операторға ауысуынан бас тартуы көбіне нөмірдің тіркелмеуі мен абонент туралы ақпараттың қате болуына байланысты екен.
Tele2 Қазақстанның басқарма төрағасы Пиетари Кивикконың сөзінше, әзірге жаңа жүйенің механизмі мен қызмет түрін барлық абонент түсініп жатқан жоқ. Бірақ алдағы уақытта бұл танымалдыққа ие болып, нарықтағы жағдайға әсерін тигізеді.
MNP жүйесі Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Аталған жүйенің енгізілуі Қазақстандағы операторлар арасындағы бәсекелестікті арттыруға және ұялы байланыс қызметі үшін тарифтерді төмендетуге мүмкіндік береді, деп күтілуде.
Қазіргі кезде мемлекетте GSM стандарты бойынша мобильдік байланыстың 4 операторы бар: Altel, Kcell, "Кар-Тел" және Tele2 Қазақстан.
Фото: nur.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024