2015 жылы қазақстандық банктер мен құрылыс компаниялары 600-ден аса қызметкерін жұмысынан қысқартты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік қорғау және миграция комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.
Т. Оспанқұловтың мәліметі бойынша, 2015 жылы банк саласында қызмет ететін 324 адам қысқарған.
Ең көп қысқарған қызметкерлер саны Алматы қаласында тіркелді. Мегаполисте 284 адам жұмыссыз қалды. Астана қаласында - 15, Батыс Қазақстан облысында - 8, Қызылорда облысында - 6, Ақмола облысында - 6, Атырау облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам жұмыстан қысқарды.
Ал құрылыс саласында 20 кәсіпорыннан 301 адам жұмыстан кетті.
Ең көп қысқартылған адам саны Атырау облысына тиесілі. Облыста 106 адам жұмыссыз қалды. Қарағанды облысында - 93 жұмысшы, Ақтөбе облысында - 46, Алматыда- 21, Астанада - 19, Алматы облысында 1, Ақмола облысында - 1 адам қысқартылды.
Фото: finansovyesovety.ru
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024