Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылдың 1 ақпанына дейін әкімдік жанындағы комиссия жалпы құны 40,2 млрд теңгені құрайтын 4208 өтініш қабылдаған. Бұл туралы облыстық қаржы басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаржы басқармасы мамандарының айтуынша, облыс тұрғындарының құны 30 млрд тенгені құрайтын 3361 нысаны заңдастырылған. Оның ішінде, 19 млрд теңгеге 2725 тұрғын үй мен 11 млрд теңгеге 636 коммерциялық нысандар заңдастырылып, нәтижесінде аймақ республика бойынша 3 орында келеді.
"Мүлікті жария ету туралы Заңға 2015 жылдың 13 қарашасында енгізілген өзгерістерден кейін заңдастырылған мүліктер саны артты. Мәселен, 2015 жылдың 1 қарашасына дейін 19 млрд теңгенің мүлкі жария етілсе, соңғы 3 айдың ішінде құны 11 млрд теңгеге жуық мүлік заңдастырылып, 36,7%-ға артқан", - делінген баспасөз хабарламасында.
Фото: nalogikz.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024