
2016 жылдың 15 ақпанынан бастап, Түркия ресейлік журналистер үшін визалы жүйе енгізеді, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Аталған талап Ресейдегі барлық БАҚ-қа қатысты болмақ. Оның ішінде алты айдан аз уақытқа іссапармен барушылар да виза алатын болады.
Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Ресей Түркияға визасыз жүйені тоқтатты.
Ресей мен Түркия қарым-қатынасы ресейлік Су-24 жойқын ұшағын Түркия тарабы атып түсіргеннен кейін бірден қиындады. Анкараның ақпаратына сәйкес, ресейлік ұшақ Түркия әуе кеңістігін бұзып өткен. Алайда Мәскеу барлық айыптарды жоққа шығарып, Түркияға санкция енгізді.
Сондай-ақ, 2016 жылдың 30 қаңтарында Түркия СІМ ресейлік Су-34 жойқын ұшағы тағы да әуе кеңістігін бұзды деп мәлімдеді. Десек те Ресей тарапы бұл мәлімдемені дәлелсіз тағылған айып деген тоқтамға келді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025