
Brent маркалы мұнайдың бағасы бір күн ішінде 7 пайызға көтеріліп, Астана уақыты бойынша 10:00 де барреліне 35,33 долларға бағаланды. Қара алтын құнының өсуі доллардың басқа шетелдік валюталарға қатысты әлсіреуінен болды, деп жазады РБК.
Мұнайдың сәуір айына арналған фьючерс бағасы Лондон қор биржасында (ICE) барреліне $35,51 долларға жеткен.
[caption id="attachment_34983" align="alignnone" width="652"]
ru.investing.com[/caption]
Ал WTI маркалы мұнай барреліне $32,75 долларға бағаланып, өткен күнмен салыстырғанда 2,87 долларға қымбаттаған.
[caption id="attachment_34984" align="alignnone" width="650"]

Мұнайдың әлемдік бағасының бұлай тез қымбаттауы америкалық валютаның бірден әлсіреуінен болып отыр. Dollar Spot Index-ке сілтеме жасай отырып, Bloomberg доллардың бұлай күрт төмендеуі 2009 жылдың наурыз айынан бері болмағанын айтады.
Америкалық валюта АҚШ-тың қызмет саласындағы PMI индексінің жариялануынан кейін күрт төмендеді. Қаңтар айында индекс 53,2 деңгейіне жеткен. Алайда The Wall Street Journal-тің сауалнамасына жауап берген экономистер индекс 54,7 деңгейіне көтеріледі деп күткен.
Фото: focus.ua