Bloomberg сарапшылары Қазақстанды жұмыссыздыққа қатысты инфляция деңгейі бойынша экономикада "бақытсыз" елдер қатарына енгізді.
Рейтинг "Бақытсыздық индексіне"(Misery Index - инфляция көлемімен жұмыссыздыққа) негізделіп жасалған. Қазақстанның алдында бұл тізімінде Венесуэла, Аргентина, Оңтүстік Африка, Грекия, Украина, Испания, Сербия, Түркия, Бразилия елдері бар. Ресей мемлекеті осы жылы көрсеткішін жақсартып, 14 орынға түсті. Өткен жылы экономикасы "нашар" елдер тізімінде 7 орында болған еді. Жалпы тізімге 63 мемлекет кірді.
Ал экономикасы "бақытты" елдер тізімінде өзгерістер болды.Таиланд құрылыс жобаларының арқасында жұмыссыздар қатарын кемітті. Осы жылы "мықтылар" қатарынан Сингапур, Швейцария, Тайвань және Жапония мемлекеттері көрінді.
Фото:kk.wikipedia.org