Экономика
МӘМС қоры алғашқы бір жарым жылда шамамен 375 млрд теңге жинауды жоспарлауда
2017 жылдың бірінші жарты жылдығында ҚР Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында шамамен 375 млрд теңге жинау жоспарланған, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов.
«Бірінші жарты жылда 375 млрд теңгеге тарта қаржы жиналады деп күтілуде, сәйкесінше, осы сомада нарықта медициналық қызметтер сатып алынады. Заңда қордың ақшасы тек сақтандыру пакетіне енген медициналық қызметтерге төленуі тиіс екендігі айтылған. Басқа табыс көздері мен мақсаттар және шығындар қарастырылмаған», - деп атап өтті вице-министр.
Ол 2017 жылдың қаңтарынан қор жарналарды жинақтайтынын және 2017 жылдың екінші жартысынан бастап төлем жасау қызметі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінен осы қорға ауысатынын айтып өтті.
Елжан Біртановтың айтуынша, 2021 жылға қарай қорда 1 трлн 150 млрд теңгеге жуық қаржыны жинақтау жоспарланған және бұл қаржы медициналық қызметтерге жұмсалады.
Сондай-ақ, келешекте міндетті медициналық сақтандыру қоры аясында медициналық қызметтер тізімін кеңейту қарастырылған.
Фото:ortcom.kz