Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Д.Ақышев кездесу барысында Президентке ақша-несие саясатындағы негізгі бағыттар мен қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады. Қазақстан Президенті қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономиканы дамытуға ықпал ету жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталып өтті. Елбасы шағын және орта бизнес субьектілеріне, сондай-ақ баспана құрылысын одан әрі жалғастыру ісіне қолдау көрсету қажеттігіне де назар аударды. Д.Ақышев экономиканың нақты секторын қаржыландыру шаралары елдің даму қарқынына оң әсерін тигізуі тиістігін айтты. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Фото: akorda.kzПохожие материалы
Финансы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Финансы
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





