
Ресейге қарсы экономикалық санкцияны тоқтататын кез келді. Ресей бұған дайын, бірақ Еуропалық одақ осыған қатысты бірінші қадам жасау керек. Бұл туралы РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Ортақ тіл тауып, экономикалық санкцияны тоқтататын кез келді. Бұдан Ресейге де, Еуропалық одаққа да келетін пайда жоқ. Біздің мемлекет бұған дайын. Алайда біз алғашқы қадамды Еуропалық одақтағы әріптестеріміз жасайды деп күтеміз", - деді ол германиялық Handelsblatt газетіне берген сұхбатында.
Д.Медведев сұхбат барысында Германия мен Ресей арасындағы сауда айналымы 40%-ға төмендегенін, ал Еуропалық одақпен тіпті екі есе азайғанын атап өтті.
"Егер біз жағдайды осылай жалғастыра берсек, соңы жақсы болмайды", - деді ресейлік премьер.
Фото: theins.ru
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025