Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 29%-ға азайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлайды.
"ҚР-ның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 15 772,2 млн АҚШ долларын құрады, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 28,6%-ға аз, соның ішінде экспорт – 4 886,8 млн доллар (31,7%-ға аз), импорт – 10 885,4 млндоллар (27,1%-ға аз)", - делінген комитет мәлімдемесінде.
Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (43,9% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), химиялық өнеркәсіп өнімдері (19,4%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (17,7%), мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (8,6%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 29,7%), минералды өнімдері (15,0%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,0%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,8%), мал және өсімдікөнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (13,2%) әкелінеді.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсан | 2014 жылғы қаңтар- желтоқсан | % | |
Барлығы | 15 772,2 | 22 095,6 | 71,4 |
экспорт | 4 886,8 | 7 155,1 | 68,3 |
Ресей | 4 343,4 | 6 388,5 | 68 |
Беларусь | 47,7 | 61,3 | 77,8 |
Армения | 0,716 | 0,405 | 176,7 |
Қырғызстан | 495 | 704,8 | 70,2 |
импорт | 10 885,4 | 14 940,5 | 72,9 |
Ресей | 10 232,4 | 13 807,7 | 74,1 |
Беларусь | 472 | 773,8 | 61 |
Армения | 3,869 | 7,807 | 49,6 |
Қырғызстан | 177,1 | 351,2 | 50,4 |
Фото:www.kursiv.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024