Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Орта және ірі кәсіпорындардағы жалақы көлемі 139,5 мың теңгені құрады

Орта және ірі кәсіпорындардағы жалақы көлемі 139,5 мың теңгені құрады

Орта және ірі кәсіпорындардағы жалақы көлемі әзірге инфляция деңгейіне байланысты болып отыр. 2015 жылғы есеп бойынша аталған кәсіпорындардағы орташа айлық жалақы 10%-ға артып, 139,5 мың теңгені құрады. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

ҚР ірі және орта кәсіпорындары жұмысшылар еңбегі үшін бәсекеге қабілеттілік деңгейін сақтауға тырысуда. Осы себепті жұмысшылардың орташа айлық жалақы көлемі 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 139,5 мың теңгеге өсіп, 2014 жылмен салыстырғанда 10%-ға артты.

Алайда 2015 жылғы экономикалық қысымның көп болуы салдарынан кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің өсі деңгейі 2014 жылғы 11,8% өсіммен салыстырғанда азайған.

12713882_777211079075905_880760373_n

Жалақы көлемі кәсіпорындардың ғылыми-техникалық және кәсіби салаларында артқан. Бір жыл ішінде айлық еңбекақы 243,1 мың теңгеден 456,7 мың теңгеге өскен.

Ал қосымша білім қызметін көрсететін кәсіпорын жұмысшыларының орташа жалақысы 2015 жылы 282,3 мың теңгені құрады.

Фото: altaynews.kz

Похожие материалы