Қазақстандық бірнеше банк ипотекалық кредит беруді тоқтатты. Ұлттық валютаның тұрақсыздығы мен жылжымайтын мүлік нарығындағы құбылмалық қаржы ұйымдарын осындай шара қабылдауға мәжбүрлеуде. Тұрғын үй сатып алуға "Банк ЦентрКредит", "Forte", "Сбербанк", "ВТБ" және "Қазкоммерцбанк" кредит беруді азайтқан. Ал кейбір банктер шарттарды қайта қарастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Мамандардың сөзінше, алдағы уақытта аталған кредит халықтың тек таңдаулы топтарына ғана берілуі мүмкін.
Айта кетейік, Ұлттық банк қаржы ұйымдары үшін базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін банк сайттарында "Ипотекалық шарттар қаралуда" деген жазулар пайда болған. Енді еліміздің басты банкі екінші деңгейлі банктерге қаржыны жылдық 17% мөлшерлеме бойынша береді. Ал банкирлердің сөзінше, мұндай жағдайда ипотекалық кредитті тоқтату ақылға қонымды. Оның үстіне нарықта теңге өтімділігі жетіспейді. Әрі мұндай талаппен аталған кредитті ондаған жылға беру тиімсіз.
"Теңгенің өтімділігі жоқ деуге болады. Ал тұтынушы үшін мөлшерлеменің қандай болатынын болжай беруге болады. Сондықтан біз наурыз айында Ұлттық банк есептік мөлшерлемені қайта қарастырады деп күтеміз", - деді "Банк ВТБ (Қазақстан)" басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.
Қазір уақытша болса да ипотекалық кредит беруді "Банк ЦентрКредит", "Forte", "Сбербанк", "ВТБ" және "Қазком" тоқтатқан. Сарапшылардың сөзінше, мұның бірнеше себебі бар. Оның бірі - жылжымайтын мүлік нарығындағы тұрақсыздық. Сондықтан қаржы институттары алдағы уақытта ипотекалық кредит беруді тоқтатады.
"Төніп тұрған қауіп, болжап болмайтын жағдай, тым қымбат валюта бағамы. Осының бәрі банктерге әсер етеді. Алдағы уақытта тұрғын үй кредиті тек ұжымдық клиенттерге ғана берілетін "люкстік" ұсыныс болады", - деді банк секторының сарапшысы Ботагөз Жұманова.
Фото: kazgazeta.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024