Қазақстан 2015 жылдың қорытындысы бойынша уран өндіруші елдер арасында әлемдегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. Өткен жылы елімізде 23800 тонна уран өндірілген. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» баспасөз қызметі хабарлады.
Компания ақпаратына сәйкес, өткен жылы Қазақстан АҚШ пен Франция нарығында ірі уран жеткізушіге айналды.Сонымен қатар, 2015 жылы қабылданған шаралар қорытындысы бойынша Қазатомөнеркәсіптің экономикалық қосымша құны (EVA) 15,4 млрд теңгеге өскен. Әрі өндіріс тиімділігін арттыру, технологиялық үдерістерді оңтайландыру және қуат үнемдеу бойынша қабылданған кешенді іс-шаралар нәтижесінде компания өндірістің өзіндік құнын 16,4 млрд теңгеге қысқартқан.
2015 жылғы Қазатомөнеркәсіптің өндірген уран мөлшері 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,2%-ға артқан.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024