Ресей банктері қызметкерлерін қысқартуда. Өткен жылы ғана ең ірі сегіз банк 46,5 мың қызметкерін қысқартқан. Бұл туралы finwiz.ru сайты жазды.
Жекелей алғанда, "Русфинанс банкі" қызметкерлерінің 66%-ын (9,1 мың жұмысшы), "Хоум кредит энд финанс банкі" 53%-ын (14,9 мың жұмысшы),"Русский стандарт банкі" 47%-ын (8,1 мың жұмысшы), "Траст" банкі 45%-ын (3 мың жұмысшы), "Восточный экспресс" банкі 44% (3,9 мың жұмысшы), "Уральский банк реконструкции и развития" 31% (4,7 мың жұмысшы), "ОТП банкі" 16%-ын (2,2 мың жұмысшы), "ВТБ 24" - 9%-ын (3,3мың жұмысшы) қысқартты. Көптеген ірі кредиттік ұйымдар қызметкерлер санын қысқартқанымен, жұмысшылар санын өсірген банктер де бар. Мәселен, "Ренессанс кредит" банкі қызметкерлер саны 12%-ға (1,7 мың адам) арттырса, "Тинькофф банкі" 9%-ға (393 адам) өсірді.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





