- базалық
- оптимистік
- пессимистік
Әрбір жоспарды құру кезінде ЖІӨ көлеміне, инфляция деңгейіне, АҚШ долларының курсына, мұнай бағасына және Қытай мен Ресейдің экономикалық жағдайына болжам жасалған.
Базалық жоспар: 1 доллар - 389 теңге
Базалық жоспарда Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 35 доллар делінген. Ал мұндай жағдайда макроэкономикалық көрсеткіштің жақсаруын күтудің қажеті жоқ. "2016 жылдың 1 тоқсанында ЖІӨ көлемі 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға төмендеуі мүмкін", – делінген құжатта.
Базалық сценарий бойынша 2016 жылдың соңына дейін саудадағы өсім болмайды. Халықтың табыс көлемі 2015 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 10,4%-ға азаяды. "Бұл халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Инфляция индексі 20,8%-ға дейін артады. Ал АҚШ долларының бағамы 389,41 доллар болады деп күтілуде", - деп жазылған есепте.
Нашар жоспар: 1 доллар - 476 теңге
Пессимистік жоспар сыртқы нарықтың бірден құлдырауына байланысты жасалған. Яғни мұнай бағасы 20 долларға дейін арзандауы мүмкін. Мұндай жағдайда Қазақстан үшін "негативті" жағдай туындайды: ЖІӨ көлемі 1%-ға төмендейді, ал айырбастау курсы 470,29 теңге болады.
«2016 жылдың 1 тоқсанында сауда көлемінің 5,9%-ға, өндірістің 3,4%-ға төмендеуіне байланысты ЖІӨ 1,3%-ды құрайды. Сондықтан сауда мен өндіріс көлемі жыл соңына дейін көтерілмейді деп күтілуде. Ал халықтың қаржылай табысы 13,1%-ға төмендеп, инфляция деңгейі арта түседі. Тұтынушы бағасының индексі (ТБИ) 23,4% болып, долларға қатысты айырбастау курсы 475,66 теңгені құрайды", - деп жазады орталық сарапшылары.
Бұл сценарий бойынша ТБИ-дың жалпы жылдық көрсеткіші 113,7% болады. "Инфляция деңгейі жоғары болады. Шынайы қаржы табысы 4,4%-ға төмендеп, халықтың тауарлар мен қызмет түріне сұранысы азаяды. Сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 11,7%-ға төмендейді.
Оптимистік жоспар: 1 доллар - 298 теңге
Оптимистік жоспар мұнай бағасы барреліне 50 долларға жететін жағдай бойынша құрылды. Егер шын мәнінде қара алтынның құны өсетін болса, онда Қазақстанның экономикасы жылына 0,5%-ға өседі. Өндіріс көлемі артады. Ал ұлттық валюта долларға қатысты 297,79 теңгеге нығаяды.