Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өткен жылдың IV тоқсанында Beeline 32 694 млн теңге табыс түсірді

Өткен жылдың IV тоқсанында Beeline 32 694 млн теңге табыс түсірді

Beeline компаниясы 2015 жылдың IV тоқсанын қорытындылады. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады. 

Компанияның табысы 32 694 млн теңгені құрады. EBITDA көрсеткіші 13 714 млн теңгеге тең, EBITDA табыстылығы жылдан жылға 1,7 п.п-ке өсіп, 41,9%-ды құрады. Клиенттер саны 9 млн 524 мыңды құрады. Күрделі қаржы шығындары жылдан жылға 24,3%-ға оңтайландырылып, инвестицияның тиімді басқарылуының нәтижесін көрсетті. Нарықта екі ұзақ мерзімді тренд – қызметтер құнының төмендеуі және өткен жылмен салыстырғанда интернет-трафиктің екі есе өсуі байқалды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Beeline қызметтері 13%-ға қол жетімді бола түсті. 2015 жылғы қарашадан бастап, желтоқсан айын қоса алғандағы уақыт аралығында Beeline клиентінің орташа шоты 907 теңгені құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1 041 теңгеге тең болған. Интернет-трафик екі еседен артық өсіп, 12,2 миллион мегабайтты құрады. Оған қоса, 1 абоненттің интернетті тұтынуы 2,2 есеге өсті. Орта есеппен Beeline клиенті айына 882 мегабайт мобильді интернет тұтынады. Компанияның өсуінің негізгі драйвері – сымды интернет болды. Компанияның осы сегменттегі нарықтық үлесі мен түсімі артты. 2015 жылғы төртінші тоқсанда табыс 5,0%-ға артып, 1 940 млн теңгені құрады. «Нарықтың құлдырап келе жатқанына және аса жоғары бәсекелестікке қарамастан, біз 2015 жылы табыс бюойынша және абоненттер бойынша нарықтағы үлесімізді сақтап қалдық. Келесі жылы мобильді қаржыны іске қосу, ойын-сауық контентін ұсыну, интернет-дүкендерді дамыту және функционалдық қосымшаларды құру тәрізді жаңа өнімдер мен қызметтерді  енгізе отырып, телеком-оператордан digital компанияға орнықты өзгеруімізді жалғастырамыз деп үміттенеміз. Біз 4G желісінің құрылысын бастадық және осы жазда оның коммерциялық пайдаланылуын бастауды жоспарлап отырмыз»,- деді  Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров.

Похожие материалы