"Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Болат Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, 2016 жылдың 17 ақпанында Болат Палымбетов өз қалауымен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма басшылығындағы қызметінен босатылды. Ол бұған дейін "ҚазМұнайГаздың" басқарушы директоры және басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024