Bloomberg агенттігінің мәліметі бойынша, құрылықаралық ICE Futures биржасында, 21 ақпан күні (Алматы уақыты бойынша 11:20-да) Brent маркалы мұнайдың cәуір айына арналған фьючерс бағасы барреліне 33,01 доллар болды. Ал WTI мұнайының наурыз айына арналған фьючерс бағасы барреліне 29,64 долларға дейін төмендеді.