Экономика
А.Новак: мұнай өндірісін қалыпты ұстау келісіміне әлемдегі мұнай экспорттаушылардың 75% қосылады

Мұнай көлемін 2016 жылдың қаңтар айындағы деңгей бойынша сақтап тұру туралы келісімге әлемдегі мұнай экспорттаушылардың 75% қосылады. Бұл туралы Ресейдің энергетика министрі Александр Новак "Вести в субботу" бағдарламасында мәлімдеді.
Ресейлік министрдің сөзінше, Ресей, Венесуэла, Сауд Арабиясы мен Катар арасындағы келісімнің жүзеге асырылуы үшін осының өзі жеткілікті.
"Мұндай қадамды мұнай экспорттаушы елдердің шамамен 75%-ы қолдайтыны туралы жариялады. Менің ойымша, келісімге келу үшін осының өзі жеткілікті", - деді ол.