Қазақстандықтар 1,14 млрд теңгеге бағаланған шетелдік мүлік пен бағалы қағаздарды заңдастырды, деп хабарлады Қаржы Министрлігі.
2016 жылдың 19 ақпанында ведомстваға Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан 43 мүлікті заңдастыруға арналған декларация келіп түскен. Олардың құны 1,19 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, 1,12 млрд теңгеге бағаланған 37 тұрғын үй, 8,3 млн теңгеге үш тұрғын үй емес объект (оған қоса 6,1 млн теңгеге екі коммерциялық нысан) және 3,7 млн теңгеге үш заңды тұлғаның қатысу үлесі кіреді. Қазақстандағы мүлікті заңдастыруға 781,7 млрд теңгелік 77,7 мың сұраныс түскен. Қазақстандықтар 587,6 млрд теңгеге 65,2 мың тұрғын үй, 185,1 млрд теңгеге 33,49 мың тұрғын емес объект және 129,3 млрд теңгеге 7,9 мың коммерциялық нысанды заңдастыруға ұсынды. Сондай-ақ, 5 млрд теңгеге 26 заңды тұлғалардың қатысу үлесі және 4,1 млрд теңгеге бағалы қағаздарды заңдастыруға өтініш берілген. Олардың 62,8 мың нысан мен бағалы қағаздар 497,8 млрд теңгеге заңдастырылды. Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, 2016 жылы 18 ақпанда банктерде 252,6 млрд теңге ақшаны заңдастыруға 354 шот ашылды. Қазірдің өзінде 180,6 миллиард теңге шоттардын алынса, 205,3 млрд теңге заңдастырылған. Бұған дейін, 2015 жылдың желтоқсан және 2016 жылдың қаңтар айларында 160 млрд теңге заңдастырылған еді. Айта кетейік, 2015 жылдың қыркүйек айында Қазақстан мүлікті жария етуге байланысты азаматтарға рақымшылық жасау туралы заңға түзетулер еңгізілді. Өзгерістердің бірі банк шоттарынан ақшаны мерзiмiнен бұрын алу кезінде заңдастыруға 10% алым болды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024