Экономика
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 199 мүмкіндігі шектеулі адам кәсіпкер атанды
2015 жылы 4,4 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы («ЖҚЖК 2020») арқылы жұмысқа орналасты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) 2015 құрылған жұмыс орындарына 154 мүгедек адам орналастырылды. Екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлікті дамыту арқылы арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарын дамыту) 348 мүмкіндігі шектеулі адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, микрокредит алды, оның ішінде 199 адам алғаш рет өз істерін ашып, кәсіпкер болды. «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша (жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) кәсіби оқумен 200 азамат қамтамасыз етіліп, оның 144-і жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 2015 жылы үшінші бағыт бойынша экономикалық өсім орталықтарына 36 мүгедек адам отбасыларымен көшірілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасының аясында 865 мүгедек жұмысқа орналастырылды. Сонымен бірге, 2 мың 859 мүгедек адам мемлекеттің қолдау шараларынсыз бос орындар базасындағы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024