Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан теңге мен мұнай бағасына қатысты болжамын өзгертті

Қазақстан теңге мен мұнай бағасына қатысты болжамын өзгертті

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жаңаланған болжам бойынша, мұнайдың баррелі 30 доллар, доллар бағамы 360 теңге болған жағдайда, ЖІӨ-нің биылғы өсімі 0,5 пайыз деңгейінде болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Үкімет отырысынан соң Досаев мұнайдың орташа жылдық бағасын «халықаралық қаржы ұйымдары мен инвестициялық банктердің мұнай баррелін 40 тан 30 доллар аралығында» болжауына байланысты төмендеткендерін, ал доллардың айырбас бағамы былтырғы қарашада бекітілген 300 теңгеден 360 теңгеге өскенін хабарлады.

Сондай-ақ,  министр Қазақстандағы индустриалды-инновациялық жобалар республика бюджетінің мүмкіндігіне қарай жүзеге асырылатынын, осыған байланысты мемлекеттік бағдарламаны тексеру наурыз айында аяқталатынын мәлімдеді.

Е.Досаевтың сөзінше, қазақстандық экономика "жаңа кезеңге аяқ басқандықтан", үкімет ел дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық жаңа жоспарын әзірлемек.

Похожие материалы