Алматы қаласы Медеу ауданында өсіп тұрған бірнеше талды заңсыз кескені үшін "Пугасов" мейрамханасының әкімшісі жұмыстан босатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоршаған ортаны қорғау заңнамасын бұзу ісін қалалық Табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар басқармасының қызметкерлері анықтаған.
Баспасөз қызметінен хабарланғандай, жасыл желектер Аудуллин жән Бөгенбай батыр қиылысында автотұрақ орындары үшін кесілген. Алайда ағаштарды кесуге қатысты ешқандай өтініш берілмеген. Енді аталған мейрамхана башылығына ҚР Әкімшілік Кодексінің 386 бабына сәйкес, 30 айлық есептік көрсеткіш есебінде (63 630) айыппұл салынды.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер оталған ағаштардың орнына 10 наурызға дейін 60 шыбық отырғызуға міндеттелді.