«Самұрық-Қазына» АҚ-ның кадрлық құрамы 65%-ға жаңарған. Бұл туралы қордың басқарма мүшесі, Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарма директоры Ұ.Тәжібаев мәлімдеді.
«Қазір оңтайландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз басқарушы құрамды 16 адамнан 9 адамға дейін қысқарттық, сондай-ақ қызметкерлер санын 15 %-ға дейін қысқартуды көздеп отырмыз», - деді Ұ.Тәжібаев. Оның айтуынша, біліктілік талаптарының күшеюіне байланысты соңғы екі жылда қор штаты 65 %-ға жаңарған. Жақын арада 22 %-ға дейін жаңарту жоспарланып отыр. Қордағы басшылық қызметке үміткерлерді іріктеу үш бағыт бойынша жүргізіліп жатыр: компаниялар тобының өз ішінен, Қазақстан нарығынан және шетелден талантты, білікті қызметкерлерді іздеп табу. Шетелдік мамандарды жұмысқа тартудағы мақсат - олардың қазақстандық әріптестерімен тәжірибесін, білімін бөлісу. Отандық мамандарды жұмысқа тарту кезінде ұор шетелдік оқу орындары түлектерін біріктіретін «Болашақ» ассоциациясымен және «Қазальянс» ұйымымен тікелей байланыс орнатып отыр. Өз кезегінде Басқарма төрағасының кеңесшісі Дэниэл Крюсберг Қорға қызметкерлерді алу кезінде ашықтық пен әділдікті басшылыққа алатындарын жеткізді. «Біз ресми сайтымызда бос вакансиялардың барлығын да ашық жария етіп отырмыз және кез келген үміткердің осы вакансияларға өтініш беруіне болады. Сайтта әр конкурстың нәтижесі тұрақты жарияланып отыр. Сондықтан жұртшылық әділдік қағидасының сақталғанына, бос орындарға конкурстық іріктеудің 8 сатысынан өткен кандидаттардың жұмысқа тұрғанына көз жеткізе алады», - деді Д. Крюсберг.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024