Мемлекеттік кіріс комитетінің (МКК) мәліметіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің қылмыстық істер туралы 234-бабы бойынша тәркіленген заңсыз тауларлардың құны (экономикалық контрабанда) 2015 жылы 6,4 млрд теңгені құрады, деп жазды LS.
МКК атап өткендей, контрабандалық тауарлардың көпшілігі Қытай, Түркия, Иран, Біріккен Араб Әмірлігі және тағы басқа елдерден келеді. "Көп жағдайда импорт бойынша тауар контрабандасы Кеден одағының бірыңғай кеден тарифі мен кедендік баж мөлшерлемесіне қатысты салық салынбайтын тауарларға қатысты болады. Олар автотранспорт құрылғылары, халықтың тұтыну тауарлары, тұрмыстық техника, киім, аяқ киім, электронды заттар", - деп хабарланды МКК-дан.
Сондай-ақ, Қазақстаннан флора және фауна өнімдері мен мұнай, мұнай өнімдері заңсыз тасымалдануда. Тауарлардың көпшілігін Әзербайжан мен Қытайға заңсыз жеткізгісі келетіндер көп.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024