«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісілген шешімімен Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін 2016 жылдың көктемгі егістік жұмыстары үшін дизель отынының ұсынылған бағасы тоннасына 95 421 теңгені құрайды (FCA шарты бойынша – зауытта), яғни 1 литріне 79 теңге, бөлшек саудада 99 теңге/литр», - делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар, облыстар бойынша 2016 жылдың Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көктемгі егістік жұмыстары үшін дизель отынының сұранысы 366,8 мың тоннаны құрайды. Ағымдағы жылдың көктемгі егістік және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 60 млрд теңге бөлінді.
Ең алдымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін арзандатылған дизель отынын беру заңнамалық тұрғыда бекітілді. Атап айтқанда, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» ҚР Заңының 7 бабының 4-тармағына сәйкес Энергетика министрлігі көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, жыл сайын мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін бекітеді.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған ҚР Заңының 24 бабының 4-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер және мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жыл сайын, мұнай өнімдерін өткізу кезінде 1 наурыз - 31 мамыр және 1 тамыз - 31 қазан аралығы кезеңінде - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге басымдық беруге міндетті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024