Ресейлік Банк ВТБ 2016 жылдың 25 ақпанында Михаил Якуниннің "Банк ВТБ Қазақстан"директорлар кеңесіндегі өкілеттігін аяқтау туралы шешім қабылдады. KASE-нің ресми сайтында хабарланғандай, М. Якунин кеңестегі мүшелік қызметінен өз еркімен шықты.
Еншілес ВТБ банктің директорлар кеңесінің жаңартылған құрамына 7 адам кірді. Сонымен, ВТБ Қазақстанның тәуелсіз үш директорының өкілеттік мерзімі ұзартылды. Олар: Досмұхаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы, Қыдырбаев Досым, Сизова Слава.
Сондай-ақ, ПАО Банк ВТБ-ның өкілдері Валиев Байрам Юсуповичтың, Осеевский Михаил Эдуардовичтың, Степанов Серге Владимирович және Смаков Всеволод Валерьевичтың өкілеттік мерзімі ұзартылды.
«Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі 2017 жылдың 24 ақпанына дейін ұзартылды", - делінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024