Қыздар арасындағы тұңғыш қазақстандық Әлем чемпионы Назым Қызайбай Қытайда өтетін халықаралық жарысқа дайындалуда. Аталған жарыста Олимпиада жолдамасын алу мүмкіндігі бар. Бұл туралы ол бүгін Алматыда журналистермен кездесуі барысында айтты.
Kaspi Bank ұйымдастырған кездесуде Әлем чемпионы алдағы жоспарларымен бөлісіп, Олимпиада жолдамасы үшін жарысқа дайындығы туралы баяндады. «Қазір Қытайда өтетін жарысқа дайындалудамын. Спорт мектебінде тұрамын. Ол жерде арнайы тәртіп, күнделікті дайындық болғандықтан, өзімді бабымда ұстап жүрмін. Риоға қатысу мүмкіндігі тек өзіме, жаттығуыма байланысты. Бар күшімді саламын. Олимпиадаға қатысу арманым. Қазір бос уақытым жоқ. Қолым тие қалса үйге, ата-анама баруға тырысамын. Үйде сирек боламын. Көбіне жаттығу, жарыстарда жүремін. Қазақстан чемпионатынан келгелі әлі үйге барған жоқпын»,- деді ол. Әлем чемпионы кездесу барысында спорт, болашақтағы доспарлары туралы да ойларымен бөлісті. Оның сөзінше, чемпион болуға жаттықтырушының тікелей әсері бар, бірақ боксшы да ниет, мақсат болмаса жеңіс келе қоймайды. "Жетігенге қоныс аударған соң Болат Рахимов ағай шақырып, бокспен айналысуға кеңес берді. Ең алғашқы жаттықтырушым десем болады. Кейін Шаңырақтағы мектепте Жұмабек Өмірзақов ағайдың жаттықтыруымен рингке шыға бастадым. Алғашында қатал деп ойлайтынмын, қорқатынбыз. Қазір әкем сияқты. Кейде ренжіткен сәтте қызы сияқты еркелеп, өкпесін жазып аламын. Тек спорт бойынша ғана емес, өмірдегі әртүрлі жағдай бойынша ақыл-кеңес сұраймын. Спортшы мен жаттықтырушы бір-бірін жақсы түсінуі керек",- деді Н.Қызайбай. Сондай-ақ, өзі үлгі тұтатын әйел боксшылар туралы да айтты. "Мен әйел боксшылардан индиялық боксшы, әлемнің бес дүркін чемпионы, Олимпиада жүлдегері Мэри Ком, ирландық боксшы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Кэти Тейлорды үлгі тұтамын. Қазақстандық Марина Вольнованың ерік-жігері ұнайды. Өкінішке қарай ол боксты тастап кетті. Өзімнің құрбым Рано Пархатованың техникасы ұнайды",- деді ол. Боксшы қазіргі кезде Kaspi Bank-тің "Kaspi қаһармандары" жарнамалық науқанына қатысуда. Өзінің айтуынша жарнамалық роликке түскен соң танымалдылығы арта түскен. Алайда ешқашан жұлдыз ауруына шалдықпайтынын айтты. "Жарнамаға түскен соң «жұлдыз ауруына» шалдықпадың ба деп сұрап жатады. Көшедегі адамдар таниды. Жарнамадағы боксшы қызға ұқсайсың дейді. Суретке түседі. Бір-екі рет пойызда кетіп бара жатқанда танып, Назымсың ба деп сұрап, суретке түсті. Әрине, қызық. Бірақ, мен ешқашан «жұлдыз ауруына» шалдықпаймын",- деді Назым Қызайбай.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024