Кn.kz порталының мониторингі бойынша, кредиттік ипотеканы тоқтатқан сегіз банктің екеуі бағдарламаны қайта қолға алды. Жылжымайтын мүлік сатып алу үшін кредит беруді Сбербанк пен Банк ЦентрКредит бастады.
Жылжымайтын мүлік алу үшін берілетін уақытша қарыз шарттарын қаржы институттары қайта қарап шықты. Ипотекаға пәтер сатып алу тағы қымбаттай түскен.
Сонымен, 1 наурыздан бастап Банк ЦентрКредитте ипотекалық қарыздар жаңа пайыздық мөлшерлеме бойынша жылдық 22%-бен беріледі. Бұдан бұрын көрсеткіш 20,1%-ды құрады. Алғашқы жарна мөлшері тұрғын үй бағасына байланысты 30%-дан 40%-ға артты. Ал қарызды өтеу мерзімі 20 жылдан 15 жылға дейін қысқартылды.
Комиссия мөлшері өтінішті қарау 5 мың теңге, 1% кредитті үйымдастыру үшін, 0,7% сақтандыру үшін алынады.
Сбербанкте пайыздық мөлшерлемені арттырды. Бұдан бұрын мөлшерлеме 16,1%-ды құраса, енді жылдық 18,6%-бен беріледі. Ал жалақыларын басқа банктерден алатындар үшін пайыздық мөлшерлеме 19,1%-ды құрайды. Банк сайтында хабарланғандай, алғашқы жарна тұрғын үй бағасына байланысты 30%-дан кем емес. Қарыз теңге және доллармен 20 жылға беріледі. Коммисся мөлшері берілген қарыздың 2,7%-ын құрайды.
Қазіргі уақытта ипотекалық бағдарламаны тоқтатқан банктер: Қазкоммерцбанк, ForteBank, Астана банкі, Банк ВТБ (Қазақстан), AsiaCredit Bank, Банк Kassa Nova.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024