Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті бензин бағасын негізсіз көтерген жанар-жағармай станцияларын анықтады. Бұл туралы LS жазды.
«ҚазМұнайГаз Өнімдері», «Гелиос» және "Sinooil" сияқты ірі операторлар АИ 92/93 пен АИ 95/96 маркалы отындардың бағаларын қымбаттатқаны анықталды. "Комитет тергеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, субъектілердегі баға негізсіз өсуіне байланысты әкімшілік іс қозғалды",-делінген комитет есептемесінде. Сондай-ақ, тізімдегі компаниялар арасынан тек, Sinooil компаниясы ғана 22,9 млн теңге көлеміндегі айыппұлын төлеген. "Гелиос" операторы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда сот шешімі әлі күшіне енген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2015 жылдың 4 қыркүйегінен бастап бензин бағасын реттеуді тоқтатқан болатын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024