Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Президенті 2016 жылға арналған бюджетке түзетулер енгізді

ҚР Президенті 2016 жылға арналған бюджетке түзетулер енгізді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы" заңға өзгеріс енгізу туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлайды.

2016 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығы 24,8%-ға немесе 723,4 млрд теңгеден 902,7 млрд теңгеге дейін көбейтілді. Бюджет табысы (трансферт есебінсіз) 8%-ға 3 трлн 365,3 млрд теңгеге дейін қысқартылды. Шығындар (трансферт есебімен) 7,8% -ға 8 трлн 266,8 млрд теңгеге артты. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, Ұлттық қордан 2016 жылға арналған кепілдендірілген трансферт көлемі 2,88 трлн теңгені құрайды. Мұнай мен металл бағасының өзгеруіне және дағдарысқа арналған қосымша шараларға байланысты осы жылы ЖІӨ өсімі 0,5%-ды құрайды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 6,9 мың долларға тең. Мұнай өндірісінің көлемі 74 млн тоннаны құрайды, бұл осыған дейінгі белгіленген көрсеткіштен 3 млн тоннаға төмен. Ұлттық банк болжамы бойынша 2016 жылы инфляция көлемі 6-8% деңгейінде қалады.

Похожие материалы