Қазақстан қор биржасының 2016 жылдың 05 наурызындағы шешімімен KASE Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыруды қадағалау департаментінің директоры – Жанат Бостанұлы Құрманов сайланды. Бұл туралы KASE-нің ресми сайтында хабарланды.
"KASE Директорлар кеңесінің төрағасы болмаған немесе мүдделер шиелініскен жағдайда оны алмастыруға құқылы тұлға – Директорлар кеңесінің төрағасы, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ тәуелсіз директоры Азамат Мырзаданұлы Жолдасбеков сайланды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, KASE 2016 жылдың 05 наурызындағы шешімімен Директорлар кеңесінің бюджеттік және стратегиялық жоспарлау Комитетінің төмендегі құрамын бекітті.
- А.Ш.Бабаев, "Казкоммерцбанк" АҚ Басқарма мүшесі – басқарушы директоры, "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, KASE тәуелсіз директоры (Комитет төрағасы);
- Е.С.Әбдіразақов, "Сентрас Секьюритиз" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; - А.Ө.Алдамберген, KASE Басқармасының төрағасы;
- А.М.Жолдасбеков, Директорлар кеңесінің төрағасы, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ тәуелсіз директоры;
- М.Ж.Ташметов, "Qazaq Вanki" АҚ Басқарма төрағасы, KASE тәуелсіз директоры (Комитет төрағасы болмаған немесе мүдделер шиеленісі туындаған жағдайда алмастыруға құқығы бар тұлға).
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





