Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі жұма күні 4-6 ақпанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.
АҚШ доллары — 322,92 теңге, 1 еуро — 346,91 теңге, Ресей рублі — 5,42 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 403,23 теңге, жапон йені— 2,85 теңге, 1 қытай юаньы — 46,99 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,66 теңге, 100 өзбек сумы— 9,97 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 3 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 322,92 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.