Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Ұлыбритания елшілігінің «Creative Spark: жоғары оқу орындарына арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» бағдарламасы 12 халықаралық жобаны қаржыландырады.
Өтінімдер 1 сәуірден бастап 12 мамырға дейін қабылданады.
Грант алу туралы өтінімдерде ең бірінші кезекте мыналар қарастырылуға тиіс:
студенттер мен жас кәсіпкерлердің машықтарын дамыту;
жаңа кәсіпорындарға қолдау көрсету және бизнес-инкубация;
білім алмасу.
Серіктестікті Ұлыбританиядан таңдалған кем дегенде бір ұйымның және бағдарламаға қатысушы елдердегі кем дегенде бір ұйымның арасында құруға болады. Өтінімнің түпкілікті нұсқасын британдық серіктес беруге тиіс. Серіктестіктерді жекелеген ұйымдардың немесе консорциумдардың (яғни, Ұлыбритания мен қатысушы елдердің университеттерінің немесе ұйымдарының шағын топтарының) арасында құруға болады.
Кім қатыса алады:
Creative Spark бағдарламасына қатысушы елдердегі (Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан) серіктестермен бірлесе отырып, Ұлыбританияның ұйымдары:
университеттер (немесе университеттердің байланысқан мекемелері мен институттары)
жергілікті және ұлттық қорлар (бағдарламаның мақсаттарына сай келетін мақсаттары мен мүмкіндіктері болса);
мемлекеттік органдар (сай келетін мақсаттары бар қалалық және ұлттық билік органдарына жұмыс істейтін үкіметтік және жартылай үкіметтік ұйымдар);
үкіметтік емес ұйымдар;
жасампаздық хабтар, кластерлер және инновациялық орталықтар.
Егер сұрақтарыңыз болса, өтінім беру мерзімі өткенше – 2019 жылғы 12 мамырға дейін Creative Spark бағдарламасының немесе жергілікті кеңсеге хабарласыңыз.
Толық ақпарат мұнда.