Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

40-қа жуық шетелдік Қазақстаннан қуылды

40-қа жуық шетелдік Қазақстаннан қуылды

Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан әкімшілік сотының қаулысымен 38 шетелдікке қатысты Қазақстаннан әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы елордалық полиция департаменті көші-қон полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ербол Махметов айтты.

"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс - шарасын өткізу кезеңінде Нұр-Сұлтан Полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері 631 шетелдік азаматты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қазақстан аумағында болу мерзімін бұзғаны үшін 460 шетелдік азамат, 171 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз қала аумағында еңбек қызметі үшін айыпталды. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша 6 азамат жауапкершілікке тартылды", - деді ол.

Оның айтуынша, жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында 40 шетелдік азамат жеке басын анықтау үшін Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің қабылдау-тарату орындарына орналастырылды, 228 шетелдік азаматтың Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылды.

"Негізінен - бұл жақын шетел, ТМД елдерінің азаматтары. Бұл Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары. Негізгі контингент – Өзбекстан азаматтары. Көші-қон қызметінің қызметкерлері күнделікті рейдтер жүргізеді. Біз мұндай заң бұзушыларды анықтаймыз. Негізінен құрылыс нысандарында, базарларда, ТҚС, дүкендерде, көңіл көтеру орындарында – барлық дерлік нысандарда шетелдіктер жұмыс істейді", - деп түсіндірді спикер.

Похожие материалы