Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz — Шағын және орта бизнес үшін салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады. Науқан шеңберінде 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша болған негізгі борыш сомасы төленген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады. Бүгінгі таңда 43 755 салық төлеуші 15,3 млрд теңге сомасына берешегін төлеп, салық амнистиясын пайдаланды. Олар бойынша 5,2 млрд теңгеге өсімпұл мен 0,3 млрд теңгеге айыппұл есептен шығарылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылдың тамыз айында дербес шоттарды жүргізу ережесіне толықтырулар енгізілді, осыған сәйкес салықтық рақымшылық жасау 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі салық кезеңдері үшін салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салықтар есептелген салық төлеушілерге де қолданылады.
Сонымен қатар, салықтық рақымшылық 2018 жылдың 1 қазанынан кейінгі кезеңде 2018 жылдың 1 қазанына дейін салық кезеңдері үшін қосымша салық есептілігін ұсынған салық төлеушілерге де қолданылады.
Бұл ретте салықтық есеп бойынша айыппұл сомасын есептен шығару тек оны 2019 жылғы 1 шілдеге дейін төлемеген жағдайда жүргізіледі, онда уақытында төленген айыппұл сомасы рақымшылыққа жатпайды.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың тамыз айынан бастап жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық басталды.
"Салықтық рақымшылық шеңберінде біздің азаматтар өткен жылдар үшін салықтық міндеттемелері бойынша негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда оларға өсімпұлдар шегеріледі. Әр түрлі себептер бойынша жеке тұлғаларда елеулі қарыз сомалары бар, мысалы, жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты есептелген көлік салығы немесе жеке табыс салығы. Салық кодексіне сәйкес мерзімін өткізіп алынған күн үшін есептелетін өсімпұлдың мөлшері азаматтарымыздың жағдайын қиындатады. Осыған орай, өткен салықтық кезеңдер үшін жиналған қарыздары бар жеке тұлғалар ағымдағы жылдың соңына дейін негізгі қарызды өтеп, салықтық рақымшылықты пайдалана алады", - делінген комитет хабарламасында.
Бұл ретте салықтық рақымшылық шеңберінде есептелген өсімдерді Мемлекеттік кірістер органдары автоматты түрде есептен шығарады.
Қазіргі уақытта 2,3 млрд теңге сомасына 549 мыңнан астам азаматтың өсімпұлы есептен шығарылды, олар 12,6 млрд теңге қарызын төледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024