
Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндер көбейіп келеді. Әсіресе жастар арасында көп. Бірі идея іздеп жүрсе, бірі қаражат іздеген, бірі бизнес тренингтерге қатысып, білім жетілдіріп жүр. Сондай жастардың бірі - Аслан Есжанұлы. Үш бірдей компанияның иесімен бизнес бастау, дамыту, идея іздеу, инвестор тарту туралы сұхбаттасқан едік.
– Аслан мырза, 2015 жылғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда кәсіпкерлер орта есеппен 40 жаста. Мұны жастардың кәсіпке құмарының жоқтығымен түсіндіреміз бе, әлде бізде «бизнесті ақшасы таусылғандар ғана бастайды» деген түсінік бар ма? – Негізінен, ақшаңыз болмаса, міндетті түрде кәсіп бастау керек. Ал қаражатыңыз болса, кәсіп бастауға мүмкіндігіңіз одан да көп. Бізде кәсіпкерлер көбіне орта жастағы азаматтар екені рас. Себебі, бірінші оқу бітіреді, жұмысқа тұрады да, 10 –15 жыл қызмет етеді. Сонан соң өзін кәсіп бастап, тәуелсіз жұмыс істеп жүрген замандастарымен салыстырады. Осылайша, кәсіпкерліктің дұрыс жол екенін көз жеткізіп, ақырындап келе бастайды. – Бірақ жастар да көбейіп келеді. Көпшілігі "кәсіпкер болғым келеді, идеяны қайдан алсам болады?" дейді. – Мәселелерден. Себебі ақша белгілі бір проблемалар шешілген кезде ғана төленеді. Əрбір кәсіпкер өз деңгейінде белгілі бір мəселе шеше алуы тиіс. Əлемде шешетін мəселе көп, бірақ оны шешу үшін олар қайдан туатынын түсіну керек. – Ал идеясы бар, бірақ қаражаты жоқ азаматтар инвестицияны қайдан тартса болады? – Ағайын және достардан жинау немесе банктен несие алу. Қаражатыңыз бен идеяңыз арқылы серіктес табуға да болады. Болашақ өніміңізге алдын ала сұраныс туғызып , арнайы ұсыныс жасап, қаражатты тұтынушылардан жинау. Егер идеяңызға сенімді болсаңыз, осы жол ең тиімді. Бұл жерде ең маңыздысы сізге сенім артуға бола ма, жоқ па? Қаражат тартудың сыры осыда. – Бизнес бастағысы келген адамдар кеңесті қайдан алса болады? – Тәжірибелі кәсіпкерлер мен нарықты меңгерген менеджерлер жақсы кеңесші бола алады. – Бизнес бастау үшін ой, идеядан басқа қандай әрекет керек? – Кəсіп бастағыңыз келетін саланы терең зерттеп, сол салада қызмет ету керек. Сіз кəсіп иелеріне жақын болудың амалын жасауыңыз керек. Мəселен, кафе ашқыңыз келсе, алдымен даяшы болып, кейін бармэн, сосын аспаз да болып көру керек. Ең болмаса, еден жуып болса да сол кафе ішінде кемі жарты жыл болу тиіс. Сонда ғана сол кәсіптің қыр-сырын ұғатын кəсіпқой боласыз. – Инвесторларды қандай жобалар қызықтырады? – Табысты жобалар. Инвесторларды тәуекелі төмен, табысы көп жəне салған қаражатын тез қайтаратын жобалар қызықтырады. Бұл жерде сала немесе жоба маңызды емес. Сол жобаның артында тұрған, сол жобаны жүзеге асыратын адамдар маңызды.
Аян ҚАЛМҰРАТ, «7»
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025