
Жыл соңына дейін Қазақстанның байланыс операторлары мемлекетке 4G/LTE жиілігі үшін 46 млрд теңге төлеуі қажет. Бұл туралы Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезінде ақпарат және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлімдеді.
Сондай-ақ компаниялар 2020 жылға дейін 500 мыңға жуық халықты ұялы байланыспен қамтамасыз етуі қажет.
"Өткен жылы 4G/LTE үшін жиілік бөлу туралы шешім қабылдадық және осы жиілікті ұялы байланыс компанияларына саттық. 2016 жылдың соңына дейін олар 78 млрд теңге төлеуі қажет. Әзірге 32 млрд теңгесі төленді", - деді вице-министр.
4G/LTE жиілігі соңғы болып іске қосатын Kcell компаниясы, компания 13 қаланы осы желімен қамтымақ. Олардың ішінде 9-ында Beeline-мен серіктес болып жұмыс істейді.
5G туралы әзірге нақты ақпарат таратылған жоқ, бірақ мамандардың сөзінше 2020 жылға қарай Қазақстанда осы жиілік жұмысын бастайды.