Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

5 жылда аграрлық секторға 4,4 млрд доллар инвестиция тартылды

5 жылда аграрлық секторға 4,4 млрд доллар инвестиция тартылды

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – Астанада жаңа Жібек жолының азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері тақыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kazakhstan Global Investment Roundtable жиынында Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев инвесторларға Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі мол мүмкіндіктерді таныстырды.

Оның айтуынша, қазір экспорттық мүмкіндіктерді арттыру жұмыстары жүргізілуде. «Иранға сойылған қой етін мұздатылған және салқындатылған түрінде жеткізу кедергілері жойылды, соның нәтижесінде өткен жылы алғаш рет Иранға 4763 бас 129,5 тонна тірі қой мен 509,8 тонна қозы еті экспортталды.

Бұдан басқа, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне ірі және ұсақ мал жеткізуге шектеулер алынып тасталды. Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктеріне ет және ет өнімдерін тауық жұмыртқаларын жеткізу үшін кедергілер жойылды, - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Бүгінде Қазақстанда бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар (Қытай шекарасында Қорғас порты, Каспий теңізіндегі Ақтау порты, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі іске асырылуда.

Аталған инфрақұрылымдық жобалардың аясында қытай нарығы Қазақстаннан импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне яғни, мұздатылған сиыр және қой, балық, бал, тірі жылқылар, сондай-ақ бидай, кебек, соя, жоңышқа, рапс жүні, ұн, өсімдік майын тасымалдауға жол ашылған.

Қазақстан үшін экспорттық басымдық ең алдымен ет өнімдері, сиыр және қой еті. Осы тұрғыда Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу ішкі нарықтың қорғалуына, сыртқы сауда нарығын кеңейту мен сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударуда.

«Соңғы 5 жылда аграрлық сектор 4,4 млрд доллар инвестиция тартты, ал осы жылдың бірінші тоқсанында 136 млн доллар инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 %-ға артық.

Үстіміздегі жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 47 % -ға өсті, оның ішінде өңделген өнімдердің экспорты 26 %-ды құрайды», - деді Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев.

Похожие материалы