Қазақстанда бар болғаны 500 долларға көлік алуға бола ма? Әрине болады. Су жаңасын ала-алмайтыныңыз түсінікті әрине. Бұл тізімдегі көліктердің құны Kolesa.kz сайтындағы бағамен салыстырмалы түрде көрсетілген.
- Әрине, ең бірінші орында ВАЗ (Lada) автокөлігі. Ресейден шығатын бұл марканың салондағы бағасы 4 млн теңге. 20 ғасырдың аяғынын бері Еуроазияға тарап өз құнын жоймаған бұл көлік еліміздің түпкір-түпкіріне тарап, қалалы жерде де, далалы жерде де өте ыңғайлы болып табылады. Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей ВАЗ (Lada) көлігінің жанармайды үнемдеуімен қатар, қосалқы бөлшектерін өте арзан бағада сатып алуға болады. [caption id="attachment_82103" align="aligncenter" width="1024"] Фото: http://secondavto.tk/[/caption]
- Екінші орында немістің Volkswagen Passat маркалы автокөлігін айтқанды жөн көрдік. Қазақтар «Неміс көліктерінің сүйегі мықты» деген бейресми нақыл сөз бар. Бұл дегеніміз неміс автокөліктерінің қаңқасы берік, сапасының жақсы екендігін білдірсе керек. Салондағы бағасы 5млн теңге болса да, жоғарыда айтқандай 500 долларға ала аласыз. Volkswagen көлігінің салонының кеңдігімен қатар, әмбебеп дизайнда жасалуы да өте тиімді. Германиялық автомобильдердің ең бірінші артықшылығы сапасы болса, екіншісі бағасыныңда қол жетімділігі. Көбіне жүк көтергіштігі, жылы ескілігіне қарамай ұзақ жолға шыдамдылығына қарап-ақ ойланбастан сатып алуға кеңес беруге болады. [caption id="attachment_82104" align="aligncenter" width="1200"] Фото: Wikipedia[/caption]
- Үшінші орынды да сапасын құрметтей отырып немістің Audi 80,90,100 темір тұлпарына беруді жөн санадық. Жолдағы ыңғайлылығын айтпағанда, тәжірибе жүзінде ұзақ жолда көп жүретіндер және даусыз таксисттер үшін ең қолайлы көлік маркасы. Германиядан шығатын BMW, Merсedes маркаларынан артықшылығы да осы қасиетінде шығар. Статистика бойынша қосалықы бөлшегі де ең тез табылатын және ең шыдамдысы да дәл осы Audi автомаркасы. Қолданысқа түскеніне ғасыр толуға жақындаған әлемнің барлық аймағынан табуға болатын автомобильге мінездемені көбейткеннен қалта көтерер бағасын айтып жеткізу басты міндет шығар. [caption id="attachment_82106" align="aligncenter" width="2048"] Фото: RoadSmile.com[/caption]
- Төртінші орында әлемде автомобиль шығарудан бірінші орын жапондық Mitsubishi автомаркасы. Жоғарыда айтылған неміс көліктерімен іргесі тең тұратын шығыстың Mitsubishi Galant автокөлігі арзан және бағасынан сапасы жоғарылығымен ерекшеленеді. Сапа мен экспорттан жыл сайын үздік атанатын жапондық көліктердің сыры неде? Қаңқасының таза темірден құйылуы, дизайыны жағынан өте жоғарылығы және барлық жерде төзімділігімен сұранысқа ие. Жапониядан қандай автомобиль маркалары шықса да өз құнын тек бірінші орында сақтап келеді. [caption id="attachment_82107" align="aligncenter" width="692"] Фото: Drom.ru[/caption]
- Бесінші орында 1933 жылы Жапонияда негізі қаланып, қазіргі таңда алты құрлыққа тараған Nissan маркасы болып табылады. Жапондық көлік шығарушылар жол талғамайтын автомобильдер тізіміне Nissan маркасын жатқызады. Елімізде бір емес бірнеше түрі бар бұл марканы бар болғаны 500 АҚШ долларына сатып алуға мүмкіндік бар. Көбіне шаруашылыққа да, қалалы жерге де өте қолайлы болып келетін автокөлік әлемде брендтер қатарынан ойып орын алады. Отбасы, достар және жақын туыстармен демалысқа, тауға, өзенге және өзгеде нысандарға баруға өте қолайлы көлік. [caption id="attachment_82108" align="aligncenter" width="2048"] Фото: MOMENTcar[/caption]
- Алтыншы орынды көптеген киноиндустурияда қолданылып, көптеген белгілі тұлғалар мініп, талайдың арманына айналған Германия елінің мақтанышына BMW маркасы кіреді. Қазіргі таңда ең қымбат автомобильдер тізімінде болса да, қалта көтерер бағаға табуға болады. Жылдамдықты жақсы көретін жандар үшін таптырмас марка. Сонымен қатар BMW автомобильдер ішіндегі құрылымы жағынан ең сапалысы болып келеді. Яғни, қаңқасы таза болаттан құйылады. [caption id="attachment_82110" align="aligncenter" width="940"] Фото: Bring a Trailer[/caption]
- Көптен күткен жетінші орында электрониканың отанына айналған Оңтүстік Кореялық Daewoo автомаркасы. Бұл мұнай аз және қымбат заманда үнемшілдіктің символына айналған танымал марка. Негізінен қалалы жерлерге өте қолайлы болып саналады. Бағасының арзандығы және Орта Азиядағы өтімділігімен танымалдылығы біршама жоғары. «Көп ақша тапқан емес, үнемдей білген бай» деген мақал Daewoo автомаркасына айтылғандай.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024