Астана. 24 желтоқсан. 7kun.kz - Үкімет «Агробизнес - 2020» бағдарламасын қысқартып, оны Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ретінде жалғастыруды жоспарлап отыр. Ұлттық аграрлық ғылым-білім беру орталығының сарапшысы Дамир Егізбаевтың айтуынша, аталған шаралардың нақты себебі бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Енді, бұрынғы бағдарлама үшін қарастырылған бюджет қаржысы қалды. Соның есебінен жаңа бағдарлама іске асырылады. «Агробизнес», көбінесе ірі кәсіпорындарды құруды көздесе, жаңа бағдарламада шағын шаруа қожалықтарын дамыту жұмыстарына басымдық беріледі. Былайша айтқанда, бұрынғы ақшаға біз ауыл адамдарын мемлекеттік қолдаумен көптеп қамтамасыз етуді көздейміз. Жаңа бағдарламаның негізгі айырмашылығы осы», - деді Егізбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. Оның айтуынша, бұған дейін кооперативтер құру туралы заң қабылданса да, ондай құрылымдарды мемлекеттік қолдаудың нақты тетіктері жазылмаған. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында субсидия бөлу, несиені төмен пайызбен беру және тағы басқа мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. «Дегенмен, субсидияны уақытында бөлу мәселесі әлі де бар. Ол үшін бюджет заңнамасына өзгерістер енгізу керек. Фермер субсидияны дер кезінде алуы қажет. Әзірше, ондай проблема бар. Субсидиялар үш-төрт айға кешігіп жатады. Соған қарамастан, алдағы уақытта субсидияларды алдымен кооперативтерге (шағын шаруалардың бірлестігі - авт.), сосын барып ірі өнім өндірушілерге беру көзделіп отыр», - деп атап көрсетті сарапшы. Айта кетейік, бүгін Үкімет мүшелері агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады. «Жақында «Агробизнес - 2020» бағдарламасына өзгеріс енгізіліп, 2013-2017 жылдарға дейін қысқартылды. Соның орнына министрлік жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірледі. Аталған бағдарлама кейінгі 2017-2021 жылдарды қамтиды. Бүгін Үкімет сағатында ол бағдарлама таныстырылып қабылданды», - дейді Е.Аxметов. Жаңа бағдарлама аясында кооперативтерге бірігетін фермерлерге 6 пайыздық несиелер беріледі. Бұдан бөлек, кооперативке сатып алынған қондырғылардың 50 пайызы мемлекеттің есебінен өтеледі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024