Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

6 айда инфляция 2,6% құрады

6 айда инфляция 2,6% құрады

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – 2018 жылғы маусымда инфляция 0,2%, жылдың басынан бері – 2,6% құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың қаңтар-маусымында – 3,7% болды, деп хабарлайды ҰЭМ Статистика комитеті.

Жылдық инфляция 5,9% деңгейінде қалыптасты және 2018 жылдың соңында Ұлттық Банктің 5-7% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 8,4%-ға, азық-түлік тауарлары және ақылы қызмет көрсету – тиісінше 4,2% және 5,5%-ға өсті.

2018 жылғы маусымда халықтың инфляциялық күтулері өзгерген жоқ. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы 6,0% болды.

Похожие материалы