Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі 6 сәуірге арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.
АҚШ доллары — 312,08 теңге, 1 еуро — 332,8 теңге, Ресей рублі — 5,58 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 389,32 теңге, жапон йені— 2,81 теңге, 1 қытай юаны — 45,25 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,55 теңге, 100 өзбек сумы— 8,63 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 5 сәуірде ресми валюта бағамын бекіту кезінде 312,08 теңге деңгейінде нақтыланды. Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.