6 тамыздан бастап Ресейде 614 тонна санкциялық тауар жойылған. Россельхознадзордың хабарлауынша, ұсталған 595 тоннада 555 тонна контрабандалық тауарлар, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің 59 тоннасы жойылған.
Соңғы тәулік ішінде 2 тонна өнім жойылды. Осыдан бір күн бұрын 6 тонна тауар қоқысқа тасталған еді. Еске салайық, 29 шілдеде Ресей президенті Ресейге қатысты экономикалық санкция салған мемлекеттерден келетін ауыл шаруашылық өнімдерін РФ-ға кіргізуге тыйым салып, жою туралы үкімге қол қойды. Аталған шешімді іске асыруға жауапты ретінде Федералды кедендік қызмет, Россельхознадзор және Роспотребнадзор бекітілді. Азық-түлік эмбаргосы АҚШ, ЕО, Аустралия, Норвегия және Канада елдеріне қатысты салынған. 3 тамыздан бастап бұл тізімге Албания, Черногория, Исландия, Лихтенштейн және Украина енгізілді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024