Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

635 млн долларға 9 инвестициялық жоба іске қосылды

635 млн долларға 9 инвестициялық жоба іске қосылды

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылы 635 млн доллардың инвестициялық жобалары іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі.

2018 жылға жоспарланған 55 жобаның 9 жүзеге асырылды.

Қарағанды облысында алғаш болып сәуірде қайта жөндеуден өткен жұмыртқа өндірісі цехы Al Falah Capital Partners іске қосылды. БАӘ бірлесіп жүзеге асырылған жобаға 6 млн доллар жұмсалды.

Өзге жобалар 2018 жылдың маусым-шілдесінде іске асырылды. Сонымен, Ақтөбе облысында Shengyuan Tehnology Co/LTD блоктық-құрамдас бөлшектер өндірісі Қытаймен бірлесіп 5,5 млн долларға қосылды. Сонымен қатар Алматы облысында 5 млн долларға Германиямен бірлесіп электрсорап өндірісі ашылды. Бұдан басқа, Жамбыл облысының Жуалы ауданында Ұлыбританияның қаржыландыруымен United Green күн электрстанциясы 77,8 млн долларға салынды.

Ал, Вьетнам мен Жапония Mareven азық түлік өнімінің өндірісіне 48 млн долларды құйды. Бүгінде техникалық желілер іске қосылған, зауыт толық қуаттылыққа 2018 жылдың қарашада көшеді деп күтілуде. Сонымен қатар, жапониялық Tokyo Rope 10 млн долларды Алматыдағы инженерлік желі өндірісіне инвестициялады. Өз кезегінде Қытай Қостанай облысында қуаттылығы тәулігіне 200 тонна болатын құрама жем зауытын 3 млн долларға іске қосты. Бұдан басқа, Нидерланды Қарағанды облысындағы Maker машинақұрылысы зауытын қайта техникалық жабдықтауға 61 млн доллар жұмсады. Ал, Ресей 418 млн долларға Бақыршық кенорнында (Шығыс-Қазақстан облысы) ашық әдіспен кен өндіруді бастады және жылына 2 млн тонна кенді өңдейтін өндіріс кешенін салды.

Похожие материалы